«Қазсат-2»-нің істен шығу себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазсат-2»-нің істен шығу себебі анықталды

«Қазсат-2»-нің істен шығу себебі анықталды

Жоғалып кете жаздаған «Қазсат-2»-ні шақырайған күн істен шығарған. Орбитада күннің ысып кетуі спутникке де әсер етіпті.

  • 2 Шiлде 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

Бірақ, ақау тез жөнделген жоқ. «Қазсат-2-ні» қалпына келтіру үшін дереу ресейлік мамандар тартылған. Техникалық топ 17 сағаттан соң жер серігімен байланысты қалпына келтірді. Айта кетсек, кеше таңертең жерсерік  бұзылып елімізде отандық және шетелдік арналардың трансляциясы тоқтап қалған болатын. Тіпті 4 жыл бұрын ұшырылып, қыруар қаржы құйылған аппараттан айрылып қалу қаупі де туды. Себебі оған дейін «Қазсат -1» із-түзсіз кетіп, біраз ақша желге ұшқан-ды.

Виктор Лефтер, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті:

-Тылсым күшпен келісімге келе алмаймыз ғой. Бізге де бағынбайтын құбылыстар бар. Спутниктің істен шыққан бағдарламалық жүйесін толық ауыстырдық. «Қазсат -2 »-ден сигнал алып отырған барлық абонеттер жұмысын қайта бастады.