Ал алаяқтықты әшкерелеген студенттерге қысым көрсетіліп жатқан көрінеді. Оқу орны болса, 200-дей түлекке диплом бермей, 120 миллион қарызсыңдар деп әлі қиғылық салуда. Сөйтсе, олардың төрт жыл бойы құйып келген қаржысын университеттің 3 бірдей бухгалтері жымқырыпты. Басшылық енді ақшаны жастардан өндіріп алмақ. Шағымданушылар, ректораттың тұмсығының астында болып жатқан қылмысты білмей келгеніне сенгісі жоқ. Дауға Білім министрі Сәрінжіповтің өзі араласып, қыз-жігіттердің дипломсыз қалмауын мықтап тапсырыпты.
Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
-Түсінігіміз бойынша, Қазақ ұлттық университеті басшылығы қылмысты анықтап құқық қорғау орагндарына айтқан. Екіншіден студенттердің мәселесін шешуге бар жағдайды жасап жатыр.