Сахалинде адамзатқа беймәлім алып теңіз жануарының денесі жағаға шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахалинде адамзатқа беймәлім алып теңіз жануарының денесі жағаға шығып қалды

Сахалинде адамзатқа беймәлім алып теңіз жануарының денесі жағаға шығып қалды

РФ Сахалин облысы Шахтерск әуежайы маңындағы жағалаудан құйыршығында және бүкіл денесінде түгі бар белгісіз теңіз жануарының сүйегі табылды. Бұл туралы SakhalinMedia хабарлайды.

  • 2 Шiлде 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Көптеген жергілікті БАҚ ақпаратты іліп әкетті, ал әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл құпия жаратылыстың не екенін дөп басып айта алмай, түрлі нұсқаларды талқыға салуда. Бұл жайында Сахалин балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтының болжау бөлімі бастығының орынбасары Николай Ким  SakhalinMedia АА тілшісімен әңгімелесу барысында өз пікірін білдірді.

— Бұл дельфин түрі болуы мүмкін деп сенімді түрде айта аламын. Алайда түгі бар. Бұл тосын жайт. Дельфиндерде түк болмайды. Егер реті келсе, ертең барып, оны зерделеуге кірісемін.

4   

3