Бұл туралы Астанада алқаның селекторлық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады.
«Министрлік үштілділік жобасын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл қадамды іске асыру үшін ЖОО-ларда ИИД ММ жекелеген мамандықтары, сондай-ақ педагогикалық ЖОО-ларда жаратылыстану-математикалық циклдің жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тіліне көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша ағылшын тілінде оқыту үшін 1 800 магистрант, 900 бакалавр қабылдауды ұлғайту жоспарлануда», — деді А. Сәрінжіпов.
ҚР БҒМ басшысының айтуынша, тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін ЖОО бөлімшелері ашылып, екі мыңдай мұғалімнің біліктілігі арттырылады.
«Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша шетел оқулықтары әзірленіп, ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары мен оқулықтар шығарылады. Барлық шараларды білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мембағдарламасының екінші кезеңінің аясында іске асыру жоспарлануда», — деп қосты ол.