Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді

Қазақстанда 2015 жылға 40 мыңға жуық білім гранты бөлінді

Қазақстанның жоғары оқу орындарына келер оқу жылына 39 994 грант бөлінді.

  • 2 Шiлде 2015
  • 608
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада өткен селекторлық алқа мәжілісінде білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті.    

«Келер оқу жылына мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 39 994 орынды құрайды, соның ішінде бакалавриат — 32 168 грант, магистратура -7 241 грант, докторантура — 623 грант. Өткен жылдардағыдай биыл да мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі техникалық мамандықтарға беріледі — 42,4 %», — деді вице-министр.


Т.Балықбаевтың атап өтуінше, биылғы жылдың ерекшелігі — қазақ бөлімінде оқитын түлектерге гранттардың 75%-ы, ал орыс тілді түлектерге 25%-ы беріледі. «Бұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсқа қатысушылардың саны мен жинаған балдар деңгейін ескере отырып қабылданған», — деп мәлім етті ол.