Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуана тәркіленді

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара жасағының «Аспара» заставасының шекарашылары

  • 2 Шiлде 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz

Шу аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шара кезінде қарақоға жинап жүрген 1970 жылы туылған Қазақстан азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жинаған марихуанасының жалпы салмағы 1 тонна 28 кг болып шықты. Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөліміне берілді.