Филиппин жағалау күзеті қызметінің өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытқа дейін 33 адамның қайтыс болғаны расталды, қалған жолаушыларды іздестіру жалғастырылуда.
Апатқа себеп болған қолайыз ауа райы болуы мүмкін дейді құтқарушылар. Қатты толқын салдарынан кеме аударылып кеткен болуы ықтимал, деп хабарлады ТАСС.
Филиппинде теңізде апат жиі орын алады. Олардың ең ірісі 1987 жылғы желтоқсанда жолаушылар кемесі мен мұнай құятын танкердің соқтығысуы салдарынан 4 мыңға жуық адам ажал құшқан болатын.