Елбасы Өскемен мен Теміртаудағы теңдессіз жобаларды іске қосуға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Өскемен мен Теміртаудағы теңдессіз жобаларды іске қосуға рұқсат берді

Елбасы Өскемен мен Теміртаудағы теңдессіз жобаларды іске қосуға рұқсат берді

Бүгін Индустрияландыру күні аясындағы телекөпірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Теміртауда № 3-ші домна пешінің инновациялық жабдықталған жобасы мен

  • 2 Шiлде 2015
  • 691
Фото - Caravan.kz

Өскеменде кеуекті титан блоктарын қосақтап сығымдайтын теңдессіз жобаны іске қосуға рұқсат берді.

Атап айтқанда, әлемде шикізатқа сұраныс төмендеуіне қарамастан «АрселорМиттал Теміртау» мен  «Өскемен титан-магний комбинаты» жаңғыртылуда. Теміртауда № 3-ші домна пеші инновациялық жабдықталды. Енді жылына 2,3 миллион тонна шойын алып, болат өндірісін үздіксіз қамтамасыз етеді. Ал Өскеменде кеуекті титан блоктарын қосақтап сығымдайтын теңдессіз жоба іске қосылды. Сала шикізат базасынан құйма өндірісінің жоғары 4-ші деңгейіне көтерілді. Біріктірілген технологиялық цикл толық автоматтандырылды. Қазақстан титаны әлемдік нарыққа берік орнықты.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ  №3 домна пешін қайта құру және жаңғырту құны 32,2  млрд теңге. Жұмыс орны 278 адамды құрады. Сонымен қатар жоба қуаттылығы жылына 2,3 млн. тонна шойынға жетеді.


Ал «Өскемен титан-магний комбинаты»  АҚ-ның титан құймасы мен қорытпасы зауытының құны 1 млрд теңге. Жоба қуаттылығы жылына 30 мың тонна титанды құрамақ.

 «Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің комбинат Қазақстанда алғаш болып титан блоктарын қабат-қабат бөлудің технологиясын енгізді. Біз осы бірегей жобаға 1 млрд. теңге инвестицияладық. Қазіргі кезде өндірісті басқару үдерісін толықтай автоматтандырдық, сонымен қатар титанның өзіндік құнын төмендетіп, оның сапасын көтердік», — деді «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Мамутова.