Павлодарда иттен қашқан елік өліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда иттен қашқан елік өліп қалды

Павлодарда иттен қашқан елік өліп қалды

Павлодарда қалаға кіріп кетіп, көше кезген елік өліп қалды. Иттен қашқан жабайы жануар балабақшаның қоршауына оңбай соғылыпты.

  • 3 Шiлде 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Еліктің иттен үркіп қаша жөнелгенін сол маңның тұрғындары көрген. Шошыған аң бар жылдамдығымен балабақшаның шарбағына кеп соғылыпты. Сол жерде біраз уақыт тыпырлап жатып, құтқарушылар жеткенше арам қатқан.

Полина Курышина, Павлодар қаласының тұрғыны:

– Еліктің артынан үлкен иттің қуып келе жатқанын аңғардым. Байғұс жануар қоршауға соғылды да, құлап түсті.