Оның өзі де есірткіге тәуелді екен. Ұлттық компания төлейтін жалақыны азсынды ма, Атырау іргесіндегі ауыл тұрғындарын есірткімен қамтып, қосымша нәпақа тапқан. Инженердің ізіне түскен полицейлер оның үйінің ауласында өсіп тұрған 544 түп қара сораны тауып, көзін жойды. Ұсталған күдікті бұрын да осындай әрекеті үшін сотталып, үш жыл түрмеде отырып шыққан екен. Ал мұнысына қарамай ұлттық компанияға қалай кіргені белгісіз.