Облыстық полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, «полицейлер топты жарты жыл бойы ққолға түсіре алмай келген. «Аудан бойынша әрекет еткен қылмыстық топ осы уақыт аралығында олар ауылдық дүкендерді тонаумен айналысқан. Қазір біздің қолымызда бес эпизод туралы нақты мәлімет бар», — дейді ведомство қызметкері.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде үш күдікті құрықталды.
«Олардың бірі жергілікті мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі болса, екіншісі – кәмелетке толмаған оқушы. Мұғалімнің жасы туралы нақты мәлімет жоқ. Ал, оқушы шамамен 15 жаста. Олардың жымысқы әрекетін іске асыруға жергілікті тұрғындардың бірі көмектескен», — делінген хабарламада.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.