Семейде дәретханада темекі шеккен тұрғын денесін күйік шалып ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде дәретханада темекі шеккен тұрғын денесін күйік шалып ауруханаға түсті

Семейде дәретханада темекі шеккен тұрғын денесін күйік шалып ауруханаға түсті

Семейде жер үйдің дәретханасында темекі шегіп, денесінің біраз бөлігі күйіп қалған тұрғын ауруханаға жеткізілді.

  • 3 Шiлде 2015
  • 558
Фото - Caravan.kz


Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесінің 52 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, пациенттің жағдайы ауыр. қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.
Кейін белгілі болғандай, оқиғадан бірнеше сағат бұрын дәретхана шұңқырына дәнекерлейтін шамның ішіндегі бензин төгілген. «Күйген еркек мұны ұмытып кеткен немесе бұдан бейхабар болуы мүмкін», — дейді департамент өкілі.