Астана колледждерінде ағылшын тілінде білім берілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана колледждерінде ағылшын тілінде білім берілмек

Астана колледждерінде ағылшын тілінде білім берілмек

Алдағы оқу жылында елорданың кейбір колледждерінде білім беру ағылшын тілінде жүргізілетін болады.

  • 3 Шiлде 2015
  • 607
Фото - Caravan.kz


Мамандықтар тізіміне қонақ үй шаруашылығы менеджерлері, даяшылар мен бармендер, сондай-ақ медициналық қызметкерлер енгізілді, деп хабарлайды astana.kz.

Елбасының «100 нақты қадам» жоспарында қазақстандық түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор көңіл бөлінген. Біліктілігі жоғары кадрларды дайындау процесіне басымдық беріледі, сол арқылы колледждер кезең-кезеңмен ағылшын тілінде оқытуға көшеді.
Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымхан Сенғазыев қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында мәлім еткендей, тәжірибелік жоба аясында 2015-2016 оқу жылында Астананың 4 колледжінде студенттер ағылшын тілінде білім алатын болады. Себебі елордада құрылатын жаңа қаржы орталығы мен EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу халықаралық деңгейге сәйкес дайындалған кадрлардың болуын талап етеді.