Астана күніне дайындық кезінде қымбат аппаратура ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне дайындық кезінде қымбат аппаратура ұрланды

Астана күніне дайындық кезінде қымбат аппаратура ұрланды

Күллі елдің назары Қазақстан астанасына ауады! Астананың 17-ші туған күнін күнін атап өтуге дайындық қыза түсті. Осы сағаттарда Арқа төсінде нағыз жанталас. Шетелдіктер мен қала қонақтарын таңқалдыру үшін әкімдік бас шаһарды адам танымастай етіп жалтыратып жатыр.  Ал мерейлі датаны ресми түрде тойлауды ертең басты туған күн иесінің өзі президент Нұрсұлтан Назарбаев ашып бермек. Алдағы 3 күнде Елорданы қандай қызық күтіп тұрғанын Досжан Маратұлы біліп таңдай қағып қайтты.

  • 4 Шiлде 2015
  • 560
Фото - Caravan.kz

Соңғы күндері Астанада мерекелік көңіл күйдің лебі есіп тұр. Бас қала да туған күні жақындаған сайын түрленуде. Жолдар жөнделіп, шаң басқан көшелердің де ажары кіріп қалды. Думанның басы басталып та кеткен.

Меймандардың назары осы қазақ ауылына ерекше ауып жүр. Сондықтан мұнда кісі қарасы көп. Жиналғандар ән тыңдап, бүркіттің өнерін тамашалады. Балалар жағы тоғыз құмалақ пен асық ойнап, үлкен де кіші де мәз мейрам.

Раушан Балғабайқызы, Астана қаласының тұрғыны:

-Мынау көшпенділер көші, концерттері, қазақы сәннің көрсетілгені өте керемет. Біз ұмытылып бара жатқан дүниелердің көргенімізге ризамыз.

Ал, киіз үйлердің арғы жағында жәрмеңке ұйымдастырылған. Мұнда ұлттық қол өнер мен түрлі әшекей бұйымдарын кездестіруге болады. Әжелер тоқыма өнерін көрсетіп, шеберлер қыш құмыра, зергерлік заттар мен домбыра жасады. Ал, одан әрі қазақтың салт-дәстүрі насихатталып жатыр.

Жалпы, ән мен күйге бөленетін  Астана күніне 70-тен астам шоу бағдарлама дайындалған. Оның бәрі ашық аспан астында өтетіндіктен тегін.  Бұл күні ауа-райы да қолайлы болғалы тұр. 6-шы шілдеде күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады деп болжайды синоптиктер.

Ал тұрғындардың қызығушылығын тудырып асыға күтіп отырғаны Есілдің жағалауында өтетін лазерлі шоу. Су үстіндегі шоудың декорациясын құруға жүздеген маман тартылған. Бірақ, мақтауы асырылған осы думан өтпей қала жаздады. Бірнеше шақырымға жарық түсіретін қымбат аппаратураны ұрылар үптеп кетіпті. Өлермен болғандары  соншалық, құрылғыға қайықпен жүзіп келген. Қазір аппарат илеріне қайтарылып, тонаушылар ұсталған. Осы оқыс оқиғадан соң Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков дайындық барысын өзі қадағалап жүр.


Қала тұрғындары мен қонақтары үшін биыл да ұмытылмас қызық болары анық. Оның үстіне биыл жылдағы концерттен бөлек, бұрын соңды болмаған 3д шоу болайын деп тұр. Ал, қос бірдей айтулы датаға орай басталған мерекелік шаралар шілденің 6-сы отшашумен аяқталады.