Ағайынды екі жігіт аптап ыстықта Ертіске шомылуға барыпты. Бірі сүңгудің қызығына батып кетсе керек. Жақын маңда өзен түбінен тас жинап жүрген баржаның астына ағыспен кетіп қалған. Әйтеуір астынан ауа өтетін жерді тауып, көмек шақырды. Мұны байқаған туысы бірден құтқарушыларға қоңырау шалған. Жарты сағат ішінде мамандар 20 жасар жігітті баржа түбіндегі саңылау арқылы жоғарыға шығарды. Біраз қорыққаны болмаса, дін аман.