Қостанайлықтар Түркияда көз жұмған жерлестерін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлықтар Түркияда көз жұмған жерлестерін еске алды

Қостанайлықтар Түркияда көз жұмған жерлестерін еске алды

22 жастағы Константин Ивановтың туыстары әуежай жанына жиналып, бір минут үнсіздік жариялады. Одан соң 300 көліктен құралған топ қала ішінде шеру өткізді.

  • 4 Шiлде 2015
  • 522
Фото - Caravan.kz

Автошеру ұйымдастыру бұрыннан бері жоспарланған. Бірақ оның мақсаты өзге болатын. Қостанайлықтар о баста Түркия ауруханасында ес-түссіз жатқан жерлестеріне ақша жинап беруді көздепті. Бірақ Константин кеше тілге келместен көз жұмды. Отандасымыз Памуккале-Кемер тас жолында көлік апатынан ауыр жараланған еді. Марқұмның жақындары енді жерлеу рәсімінен кінәлі азаматтың жазалануын сұрап, сотқа арызданбақшы. Ал марқұмның денесі елімізге ертең жеткізіледі.