Алматыда ірі жол апатын жасаған жүргізуші түрмеден құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі жол апатын жасаған жүргізуші түрмеден құтылды

Алматыда ірі жол апатын жасаған жүргізуші түрмеден құтылды

Алматыда 12 көлікті бірдей соғып өткен автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. 31-ші бағыттағы қоғамдық көлікті жүргізген 63 жастағы Жәңгір Бауқашевтың бостандығы екі жылға шектеліп, 3 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

  • 4 Шiлде 2015
  • 551
Фото - Caravan.kz

Ол қызмет еткен автопарк басшылығы да жауапқа тартылды. Өйткені олар ақауы бар көлікті тексерместен жолға шығарған. Сондықтан бұлардан зақымданған 12 көлікті қалпына келтіру үшін материалдық шығын ретінде 7 жарым миллион теңге өндірілуі тиіс. Қаңтарда тежегіші істен шыққан автобус тоқтай алмай, жол бойында тұрған және бір бағытта келе жатқан 12 көлікті соққан. Салдарынан 9 адам жараланған болатын.