Қасиетті Қағба маңы тегін интернетпен қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасиетті Қағба маңы тегін интернетпен қамтылды

Қасиетті Қағба маңы тегін интернетпен қамтылды

Ислам әлемінің басты аумағы «әл-Харам» мешіті мен Қағба маңы түгелдей тегін интернетпен қамтылды.

  • 6 Шiлде 2015
  • 515
Фото - Caravan.kz


Қос кие басқармасы ақпараттық технология орталығының директоры Бандар әл-Кузаймның айтуынша, бұл қажыларға жасалар жағдайдың тек бірі ғана, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында.

Орталық директоры жаңа жоба мұсылмандардың нақты жергілікті уақыт бойынша әкімшілікпен байланысып, керекті ақпаратқа қол жеткізуін мақсат ететінін айтты.
Ал қажылық рәсімінде тәуап етуші мұсылмандар үшін өз смартфондарында Қағбаны қанша рет айналуы керектігі туралы мәліметтер көрсетіледі.
«Біз бұған қоса жаңа мобильді қосымшаны да іске қостық. Ол арқылы кез келген мұсылман кешкі ауызашар асына тапсырыс бере алады. Тапсырысты дәл «әл-Харам» мешітінде отырсаңыз да жеткізіп береді», — дейді әл-Кузаим.
Келесі бір ерекше мүмкіндік — иғтикаф құлшылығына электронды түрде тіркелу. Мешітте өтетін осы құлшылық рәсіміне әзірге араб, ағылшын, түрік, урду, парсы және француз тілдерінде тіркелуге болады.