Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М-28М» ғарыш кемесі ХҒС-ына сәтті қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М-28М» ғарыш кемесі ХҒС-ына сәтті қонды

Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М-28М» ғарыш кемесі ХҒС-ына сәтті қонды

Жұма күні Халықаралық ғарыш стансасына Байқоңырдан ұшырылған "Прогресс М-28М" ғарыш кемесі

  • 6 Шiлде 2015
  • 660
Фото - Caravan.kz

ХҒС-ның "Пирс" бөлігіне қонды, деп хабарлады ресейлік ұшыруды басқару орталығынан (ҰБО).

"Союз-У" зымыраны "Прогресс М-28М" бірге 3 шілдеде Мәскеу уақытымен сағат 7.55-те Байқоңырдан ұшырылды. Бұл сәуір айында осындай кеменің апатқа ұшырауынан кейін ұшыртылған алғашқы ғарыш кемесі, деп жазады РИА Новости.

"Бұл сәтті қону болды — қазір "Прогресс М-28М" ХҒС құрамына енді", — деп хабарлайды Ресейғарыштың баспасөз қызметі Twitter парақшасындағы агенттік блогында.
"Прогресс М-28М" кемесінің орбиталық стансаға қонуын ресейлік ғарышкерлер — ХҒС 44-ші экспедициясы экипажының командирі, жаңа ғарыш рекордсмені Геннадий Падалка, орбитада НАСА астронавты Скотт Келлимен бір жыл бірге болатын бортинженер Михаил Корниенко бақылады.
"Прогресс М-28М" зымыраны халықаралық ғарыш стансасына шамамен 2,4 мың келі жүкті жеткізді, соның ішінде жанар-жағар май, оттегі, азық-түлік, станса қызметін қолдауға арналған жабдықтар, экипаж мүшелеріне сәлемдемелер бар.