Абдулла Гүлмен бірге «Нұрлы Есіл» лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңқайда хореографиялық қойылымдар болды, қазақтың халық музыкасы шығармалары мен классикалық композицияларды заманауи түрде орындаған симфониялық оркестр өнер көрсетті.
Шоу барысында судағы экранда әртүрлі тілдерде қалаға құттықтаулар, ал су аркалары мен субұрқақтарда жаңа жарық-лазерлі технологиялар қолданылып, Астананың танымал көріністерінің кескіндері бейнеленді.




