Қазақстан Астананың 17 жылдығын атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Астананың 17 жылдығын атап өтуде

Қазақстан Астананың 17 жылдығын атап өтуде

Бүгін, 6 шілдеде, қазақстандықтар Астана күнін атап өтуде. Биылғы жылғы елорданың 17 жылдығын мерекелеудің басты тақырыптары мерейтойлық атаулы күндер:

  • 6 Шiлде 2015
  • 709
Фото - Caravan.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ал елорда күнінің басты ұраны — «Ел жүрегі — Астана!».

Атап өтейік, елорда күнін мерекелеуді ресми түрде Астанада 4 шілде күні «Атамекен» этно-мемориалдық кешені алаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастап берді және онда  Мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысып, курсанттарға офицер шендерін тапсырды.

Мереке ауқымында Астанада 6 шілдеде концерттер, мәдени-бұқаралық шаралар, фестивальдар өтеді. Астана күні дәстүрлі түрде мерекелік отшашумен аяқталады, оны қаланың бірнеше жерінен — Есіл өзенінің жағасынан, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанынан және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзардан көруге болады.

Сондай-ақ Астана күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді.

Еске сала кетейік, елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын. Елорданы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда болды. ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Елорда күні 6 шілдеде атап өтіледі және ҚР Парламенті Мәжілісінің бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының  № 47-IV Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке болып табылады. Бұл мерекенің халық үшін тарихи-мәдени маңызы зор және Қазақстан Республикасының жетістіктерін бейнелейді.

Мемлекеттік деңгейде Астана күні 2009 жылдан бері аталып өтілуде.