Түркияның жалпыұлттық «Ватан» газеті Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арнайы нөмір арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның жалпыұлттық «Ватан» газеті Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арнайы нөмір арнады

Түркияның жалпыұлттық «Ватан» газеті Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арнайы нөмір арнады

Түріктің жалпыұлттық «Ватан» газеті арнайы мақала жариялап, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевқа тұтастай газет нөмірін арнады.

  • 6 Шiлде 2015
  • 976
Фото - Caravan.kz

Газет күнделікті 200 мың данамен жарық көреді.

Түркия БАҚ-ының белгілі өкілі, саяси шолушы, өз саласының сарапшысы, «Ватан» газетінің репортеры Кемал Саллы кіріспе сөзіне Қазақстан халқын Астана күнімен, Н. Назарбаевты 75 жасымен құттықтады.

Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасып, нығаюына оның көшбасшысы — Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тікелей байланысты.

«Жиырма төрт жыл бұрын жаңа жұлдыз жарқ етіп, жас егеменді ел Қазақстан Республикасы пайда болды. Тарихи өлшеммен қысқа мерзім ішінде бауырлас ел Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен биіктерге көтерілді», — деді К. Саллы.

 «Ел тарихы, оның Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюы түркі әлемінің көшбасшысы — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Бауырлас Қазақстанның Туы мәңгі биіктен желбіреп, тәуелсіз мемлекеттің атақ-даңқы, мәртебесі арта берсін. Тәуелсіз елге жетістік, тұрақтылық, табыс тілеймін», — деп сөзін түйіндеді түрік шолушысы.

Автор бірнеше рет Қазақстанға келіп, ҚР-дағы болып жатқан оқиғаларды ерекше қызығушылықпен бақылаған. Астанаға келген түрік журналисі, қоғам қайраткері Қазақстанның жас елордасының қарқынды даму барысын жеткізу үшін өз еліне үнемі шабыттана оралады.


Оқырмандар басылымға елінің дамуы бойынша бастамаларда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев  өз елінің келешегін дөп басып болжай білгені, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар — көлік-логистикалық инфрақұрылым, жолдар, мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй, ТКШ, энергетикалық қуатты жаңғырту арқылы ҚР экономикасын дамытудың нақты шараларын іске асыра білгендігі жайлы пікірлер қалдырған. 

Перейти к новостям спорта