Оқыс оқиға Кендірлі демалыс аймағында болды. Катамаранға мінген 5 адамның жағаға шыға алмай жүргенін құтқарушыларға демалыс орнының қызметкерлері хабарлапты. 2 су көлігі жағажайдан 1 шақырымдай алыстап кетсе керек. Ашық теңізге қатты толқын айдап әкеткен катамаранның бірінің басқару жүйесі істен шыққан екен. Екіншісі оған көмектеспек болғанымен қатты жел бой бермепті. Құтқарылған 5 адамның екеуі – 4-5 жастағы балалар. Демалыс орны жалға берген ақауы бар су техникасында құтқару кеудешелері де болмай шықты. Мұнда шомылу маусымы басталғалы 10 адам судан құтқарылса, 11-і теңізге кетіп, мерт болды.