Павлодар облысында күннің қатты суып кетуі үй малының қырылуына себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында күннің қатты суып кетуі үй малының қырылуына себеп болды

Павлодар облысында күннің қатты суып кетуі үй малының қырылуына себеп болды

Павлодар облысында күннің күрт суытуы, жауын мен дауыл салдарынан үй малы жаппай қырылды.

  • 7 Шiлде 2015
  • 1100
Фото - Caravan.kz


Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілденің алтысына қараған түні Лебяжі ауданындағы алты жайылымда 700-ге жуық қой мен ешкі опат болған.
Сонымен қатар, Екібастұз ауданының Байет ауылында 500 бас ұсақ жандық қырылған.
"Малдың қырылуына күннің күрт суытуы мен қолайсыз ауа райы себеп болды деген болжам жасалып отыр. Себебі қырықтықтан шыққан қойлар мен ешкілердің əлі жүні өсіп үлгерген жоқ", — дейді ТЖ департаменті өкілі.