«Артемдағы» төбелес жайлы жалған ақпар таратқан тағы бір адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Артемдағы» төбелес жайлы жалған ақпар таратқан тағы бір адам ұсталды

«Артемдағы» төбелес жайлы жалған ақпар таратқан тағы бір адам ұсталды

«Артем» базарындағы төбелесті интернетте отырып ушықтырғандардың тағы бірі қолға түсті. Бүгін сол сойқан кезінде, полиция адамдарға резеңке оқ атты деп жалған ақпар таратқан азаматтың қолына кісен салынды.

  • 8 Шiлде 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

51 жастағы тұрғынның айыбы дәлелденсе 5 жылға сотталауы мүмкін. Себебі ол, қырғынның ортасында болмаса да, ешқандай дәйексіз полиция халыққа оқ атып жатыр деп интернетке жаза салған. ІР адресі арқылы табылған азаматтың қазір компьютері тәркіленіп өзі қамауға алынды. Бұған дейін төбелесте «мүгедек келіншек өлді», «ингуш пен қазақтар қырылып жатыр» деп жалған ақпар таратқан  тағы екі адам қамалған –ды. « Артем» базарындағы төбелес маусымның 16-да болған. Күзетшілер 3 баласымен қайыр сұрап сұрап жүрген келіншекті ішке кіргізбей далаға қуып шыққан. Кембағал жанға көрсетілген қорлыққа шыдамаған саудагерлер мен жұрт көтеріліп, соңы қып-қызыл төбелеске ұласқан-ды. Енді сол жанжалға себепші алматылық мүгедек әйел мен тәртіпсіздік жасаған 18 адам сот алдында жауап беретін болады.