Таразда ұлын өлімші етіп сабап тастаған ана табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ұлын өлімші етіп сабап тастаған ана табылды

Таразда ұлын өлімші етіп сабап тастаған ана табылды

Таразда өз баласын өлімші етіп сабаған әйел қылмыстық жауапқа тартылатын болды. Бүлдіршіннің басынан бақайшығына дейін соққының іздерін көрген ауладағы дүкен сатушысы дәрігер шақыртып, алғашқы көмек көрсеткен.

  • 8 Шiлде 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz

7 жастағы Серік анасын қорғаштап, одан жәбір көргенін әзер дегенде айтыпты. Тіпті, тұрғылықты мекен жайын да жасырған ол, тек шоколадқа алданып бәрін жайып салған. Сол жерге шұғыл жеткен шешесі жеке өміріне бас сұқпауын талап етіп, бәрінің шаңын қағып кетсе керек. Полицейлердің мәлімдеуінше, 42 жастағы жалғызбасты келіншек баланы тәртіпке салу үшін қол жұмсадым деп ақталған. Қазір аяусыз таяқ жеген бірінші сынып оқушысы қатыгез анасымен үйіне жіберілді.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Баланың анасына 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.