Алматыдан Қапшағайға жүретін пойыз тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Қапшағайға жүретін пойыз тоқтап қалды

Алматыдан Қапшағайға жүретін пойыз тоқтап қалды

Айға жетпей жабылып тынды! Жуырда ғана іске қосылған Алматыдан Қапшағайға қатынайтын теміржол тасымалы тоқтап қалды.

  • 8 Шiлде 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Пойыз «Тұран-Экспресс» компаниясының меншігінде болған. Ондағылар Қапшағай бағыты өзін ақтамады деп отыр. Өйткені, жолаушы аз. Күніне 900 адам тасимыз деген жоспарлары іске аспай, бар-жоғы 5 адаммен салдырлап бос қатынаған. Оның үстіне, теміржол мен вокзалды жалға алу құны ұшынып тұр екен. Естеріңізге салсақ, су жаңа пойыз 19-шы маусымда ғана іске қосылған еді. Енді, оның жұмысын әрі қарай жалғастыруы екіталай.

Роман Ботабеков, «Тұран-Экспресс» компаниясының бас директоры:

Көп адам уәдесінде тұрған жоқ. Осынша-осынша жолаушылар береміз. Бүкіл адамдарды өзіміз отырғызамыз деді. Әкімдік  түк жұмыс істемейді. Бүкіл халыққа айтулары керек.