Оқыс оқиға кеше кешкілік қаладағы Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда болды. Мерекені тойлауға жинаған жұрттың да қарасы көп болатын. Құдай сақтап, көрермендер дін-аман. Зардап шеккен полицей тиісті ем-домнан кейін үйіне жіберілсе, халыққа әдемі отшашу көрсетпек болған пиротехник қазір ауруханада жатыр. Жас жігіттің беті, қолы күйіп қалған. Ал отшашудың не себепті аспанда емес, жерде жарылғандығын полицейлер анықтауда.
Асхат Қабдолов, зардап шегуші:
-Сымдары бір-біріне тиіп кеткен сияқты. Атылған кезде, жерге жата қалдым. Ұшқыны үстіме түсіп, футболкам жана бастады. Тұрып, жүгіре жөнелдім,достарым сөндіріп, өздері ауруханаға алып келді.