Павлодар облысында мал қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында мал қырылып қалды

Павлодар облысында мал қырылып қалды

Павлодар облысында күннің күрт салқындауынан төрт-түлік мал қырылып қалды. Қазірдің өзінде арам қатқан мал саны мың жарым басқа жуықтаған.

  • 8 Шiлде 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Кереку өңірінде сынап бағамы 36 градус ыстықтан + 7-ге бір-ақ түскен. Жүндері қырқылған ұсақ жандық күн райының құбылуын көтере алмай құлапты. Лебяже ауданынада 700 қой-ешкі, ал Екібастұзда 500 басы арам қатқан. Төтенше жағдайлар қызметі 6 елді-мекенде малдың қырылғанын хабарлап отыр. Қазір шығын көлемі есептелініп, өтемақы төлеу мәселесі қарастырылуда.