Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 75 тәулік қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 75 тәулік қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО)

Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 75 тәулік қамауға алынуы мүмкін (ВИДЕО)

Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім мектепте 32 жыл жұмыс істеген. 

  • 8 Шiлде 2015
  • 647
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласындағы №24-ші мектептің математика пәні мұғалімі Еңбекші қазақ аудандық полиция бөлімінде түсініктеме жасады. Белгілі болғандай, оның жасы 55-те, мектепте 32 жыл қызмет еткен. Оқушының ата-анасы мен оқушы мұғалім үстінен арыз жазбады, алайда ғаламторда жарияланған видеоға байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, бұл істі Шымкент ІІБ бастығы подполковник Данияр Мейірхан өз бақылауына алды. Мұғалімнің үстінен 140-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қомақты айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.