Ғалымдардың деректерінше, кеме Шыңғысханның немересі Құбылай хан басқарған моңғол армадасының құрамында болған. 1281 жылы болған дауыл салдарынан Жапония жағалауының маңында батып кеткен. Кеме өлшемдері: ұзындығы 12 м және ені 3 м.
Бұл осы күнге дейін анықталған моңғолдардың Жапонияға шапқыншылығына қатысқан екінші кемесі. Алғашқысы 2011 жылы табылған.
«Алдағы уақытта зерттеулер нәтижесінде тағы да батып кеткен моңғол кемелерін табылады деген ойдамыз», — дейді зерттеу жұмыстарының басшысы Рюкю Университетінің өкілі Йошифуми Икеда.