Ғаламторда арықтауға септесетін ойын пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламторда арықтауға септесетін ойын пайда болды

Ғаламторда арықтауға септесетін ойын пайда болды

Ұлыбританияда адамның арықтауына септесетін онлайн ойын ойлап табылды, деп хабарлайды The Daily Mail.

  • 8 Шiлде 2015
  • 609
Фото - Caravan.kz

Бұл ойынды ойнағандар аптасына шамамен 0,7 келіге арықтайды.

Зерттеушілердің пікірінше, ойын кей адамдарға күніне 220 калориядан кем тағам мөлшерін тұтынуға жәрдемдеспек.

Небәрі 10 минуттық ойынның пайдасын барынша сезіну үшін оны аптасына 4 рет ойнап, нәтижелерін жазып отыру қажет.

Оны әзірлеушілердің пайымынша, ойнаушылар тәтті тоқаш емес, жеміс-жидек тәрізді пайдалы тағамдардың суреттерін басу арқылы миларында сондай азық-түліктерді ғана жеу туралы ой қалыптастырады. Сөйтіп, энергетикалық қуаттылығы жоғары астардан бас тартады.


Зерттеушілердің мәліметінше, алғашқы зерттеуге қатысқан 41 адамның тестілеуден өткендері әр апта сайын 0,7 келіге дейін салмақ жоғалтып отырған.