Осылайша, 2017 жылға қарай АҚШ армиясының штаттық құрамы шамамен 450 мың әскерді құрамақ деп хабарлады USA Today. Бұған қоса Пентагон әскери салаларда қызмет жасайтын 17 мың азаматтық мамандарды қоса қысқартпақ ниетте. Егер биылғы қазан айында жаңа қаржылық кезеңге қарай кезекті бюджет қысқартулары жүретін болса, онда елдің қарулы күштері тағы 30 мың адамынан айырылмақ. Сөйтіп қысқартулар нәтижесінде держава қорғанысындағы әскер саны 1940 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке ие болмақ.
Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында ел әскері 270 мыңды құраған екен. Ал Ирак пен Ауғанстандағы әскери қақтығыстар өршіп тұрған 2012 жылдары АҚШ армиясындағы әскер саны тіпті 570 мыңға жеткен. Қазір 10 мыңға тарта жауынгер әлі күнге дейін ауған жерінде жүр. Оларды 2016 жылдың соңына дейін біртіндеп шығару көзделіп отыр. Радикалды топтармен күрес мақсатында 3,5 мың сарбаз Иракта қызмет көрсетіп жатыр, деп жазады 24.kz.