сот алдына қайта келуі тиіс елдің экс-диктаторы Эфраин Риос Монтты ақыл-есі кем деп таныды. Дәрігерлер 89 жастағы бұрынғы мемлекет басшысында жүйелі ойлап, шешім қабылдауына кедергі келтіретін когнитивтік өзгеріс барын анықтады.
«Қазіргі уақытта оның ойлау қабілеті әлсіреген, ол өзіне тағылған айыпты тиісті дәрежеде саралауға, сот үрдісінің барысын ұғуға, өзін-өзі қорғауға қатысуға қабілетсіз, — деп атап өтілген дәрігерлік қорытындыда. — Сондай-ақ оған сот отырысына қатысуға рұқсат етілмейді». Ендігі кезекте соңғы сөзді диктатор ісін қарап жатқан судья айтады. Бірінші сатыдағы сот 2013 жылғы 10 мамырда оған нәсілшілдігі үшін және адамзатқа қарсы қылмысы үшін 80 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кескен. Алайда 21 мамырда Гватемала Конституциялық соты бұл үкімнің күшін жойды. Генерал билікке 1982 жылы әскери төңкеріс кезінде келген және 1983 жылы кезекті әскери бүлік салдарынан тақтан тайған.
Ол басқарған бір жарым жылда гватемала әскері халыққа қарсы, әсіресе үндістерге қарсы жазалау операцияларын жүргізген. Құқық қорғау ұйымдарының бағалауынша, осы уақыт ішінде кемінде 10 мың адам қаза тапқан, алайда формальды түрде Риос Монтт 1771 үндісті өлтірді деп айыпталуда.