бірқатар елді мекендегі шаруа кожалықтар мен жеке қорадағы ұсақ қара малдар жаппай қырылып қалды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, шілденің 6-сы күні малдардың жаппай қырылу оқиғасы Қойтас және Үленті селолық округтеріндегі 6 шаруа қожалығы мен жеке меншік қораларда тіркелген. Мұндағы алдын ала есеп бойынша өлген ұсақ қара малдың саны 1261 жеткен. Оның ішінде «Береке» шаруа қожалығында 419 бас қой-ешкі шығын болса, 54-і пышаққа ілінген. Қазіргі кезде өлген малдар жерге көміліп, табиғат апатынан кетірілген шығын көлемі есептелуде.
Еске сала кетсек, шілденің 6-сы күні Ерейментау ауданында нөсер жауын жауып, ауа райы плюс 5 және 7 градусқа дейін төмендеді. Ал кейбір аудандарда бұршақ (диаметрі 2-3 см) аралас жаңбыр аралас жауған.