«Стоп-Трафик» рейді барысында жедел қызметкерлер клиенттерге интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынатын 42 жастағы хауыз әкімшісін ұстады. Сонымен бірге жеңгетайлық жасаған 41 жастағы тағы бір хауыз әкімшісін ұстады.
Семейде ойын-ауық кешендерінде әкімші болып жұмыс істейтін 37 және 32 жастағы әйелдер жеңгетайлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Өскеменде «Стоп-трафик» шарасын өткізу барысында жезөкшелікпен айналысуға арналған екі ғимарат анықталды. Пәтер иелері 55 және 40 жастағы қала тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция хабарлағандай, жыл басынан бастап ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жұмыс істету мақсатында адамдарды жалдаған 7 фактіні анықтады. Жезөкшелікпен айналысқан 3 факті, жезөкшелер ордасын ұйымдастырып, ұстаған 16 факті тіркелді.