Алматы саудагерлері жаппай тегін медициналық тексеруден өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы саудагерлері жаппай тегін медициналық тексеруден өтіп жатыр

Алматы саудагерлері жаппай тегін медициналық тексеруден өтіп жатыр

Алматыда «Барахолка» базарлар желісінің саудагерлері тегін медициналық тексеруден өтіп жатыр.

  • 8 Шiлде 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz


«Денсаулық жылы» акциясы жыл сайын қаланың адам көп шоғырланған аймақтарында өткізіліп тұрады. 

Биыл аталған акция базарларда жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын тексеруге арналған. 
Бүгін бірнеше маманнан тұратын дәрігерлер бригадасы «Алатау» базарының 200-ге жуық саудагерін тегін тексеруден өткізбек. 
Келушілерді терапевт, маммолог, гинеколог, кардиолог, хирург қабылдап жатыр. «Бұл кісілер өздерінің кәсіптерінің ерекшелігіне байланысты дәрігерге уақытында келіп қарала алмайды. Сол үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасы жылжымалы медициналық кешенді жіберді. 
Кешен УЗД, ЭКГ, флюорограмма, көз іші қысымын тексеру аппараттарымен қамтылған. Сондай-ақ, келушілер экспрессдиагностика зертханасында қандағы қант мөлшері, холестерин, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларға анализ тапсыра алады», — деді Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Галина Булыгина. 
Жылжымалы медициналық станция келесі күні «Байсат» базарына тұрақтайды. Одан кейін «Болашақ», «Құлагер», «Д-Маркет», «Тастақ», «Барлық», «Көк базарды» аралайды. Әр базарда ең кемі 3 күн жұмыс белгіленген.