Алматы вокзалдарында осылай екінің бірі билет сатып жүр. Ақысын төлесеңіз болғаны ешбір кезексіз, тіпті кассаларда жоқ билеттерді әпереді.
— Кезекпен алып берем. Әйтпесе,2 сағат күтесің ғой. Мен 500 теңге қосам үстіне.
-Сіз ала алмайсыз ол жерге барғанда, билет жоқ қой.
Расында билеттің бәрі осы алыпсатарлардың қолында. Ал бағасына келіспегендер бекет ішінде кезекте тұр. Тек кезектің таусылатын түрі жоқ. 17 бірдей кассаның 3-4уі ғана істеп тұр. Қалғанының терезесі тарс жабық. Есесіне, жеке қолдағы кассалардың бәрі айқара ашық. Кезегі жылжымай жыларман болған жолаушылар амал жоқ әр билетке 300 теңгеден төлеп, соларға баруға мәжбүр.
300 теңге комиссия!
– Кезексіз.
Тек агенттіктерден билет алуға екінің бірінің қалтасы көтермесі анық. Мәселен, бала-шағасымен жолға жиналған мына келіншек сол комиссияны төлей алмағандықтан, екі сағат өтсе де кетпей кезекте отыр.
-Мен 2-3 билет алам, мың жарымға дейін кетіп қалады. Бір билет болса болар еді.
Жұрт мұның қолдан істелгеніне сенімді. Өйткені, кезекте отырып әбден жалыққан жолаушылардың көбі жеке қолдағы кассаларға ауа салады. Одан қалды кассирлердің өздері делдалдармен ауыз жаласқан. Жұрттан тыққан жол билеттерді өзара келісіп, бірнеше есе қымбат бағаға сатып жүр.
-20 мың теңге. Құжаттарыңызды алып балалардың. Сағат 9 жарымдарда келсеңіз.
— Одан арзан болмай ма?
-Одан басқа ертеңге жүріңізші. Ертеңге Отырар бар емес па?Соған Таразға дейін 3 билет шығарып бере аласың ба екі бала бір үлкен?
Тек теміржол басшылығы өз қызметкерлеріне шаң жуытар емес. Алыпсатарлар мен кезекті жою күшін күрес жүріп жатқаны жеткізді. Ал кассалардың күн ұзақ жабық тұруына жолаушылардың аздығы себеп екен.
Гүлнар Қонысбаева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ аймақтық филиалы директорының орынбасары:
-Таңертеңнен бастап мысалы жолаушылар аздау келеді. Сондықтан график солай орналастырылған. Солай істелген, өйткені түстен кейін, кешке қарай жолаушылардың саны көбейеді, сондықтан әрбір кассаның басталу жұмыс істеу уақыты әртүрлі.
Десе де, кілттеулі кассалардың кеш батқанда да ешбірі сол күйі ашылмады. Теміржол басшылығы олардың санын көбейткелі отырған да жоқ. Жолаушыларды осылайша билет алудың заманауи әдісін қолдануға үйретпекші. Яғни, кассир мен алыпсатардың қолына қарағыныз келмесе, ғаламтор немесе арнайы терминалдарды пайдаланған жөн.