Атырауда сәбиін әжетханаға тастаған ана туралы жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сәбиін әжетханаға тастаған ана туралы жаңа дерек шықты

Атырауда сәбиін әжетханаға тастаған ана туралы жаңа дерек шықты

Атырау облысында тәртіп сақшылары туыла сала әжетханаға тасталған шақалақты құтқарып қалды. Оқиға Құлсары қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды.

  • 9 Шiлде 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz

-Ағашы балаға құлап кетпесін!

-Қайда?  Бала қайда?

-Әне, әне жерде жатыр.

Баланы босанған әйелдің шешесі әжетханадан сәбидің жылаған дауысын естіп, жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер шақалақты шығара алмай, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Олар әжетхананы бұзып, нәрестені құтқарып алды. Кіндігі де кесілмеген сәби нәжіске бетімен түспеген. Денесіне де еш зақым келмепті. Ұл бала қазір аудандық перзентханадағы мамандар қарауында. Ал сәбиін дәретханаға туған ана 22 жаста екен. Өзі ақыл есі кем, екінші топтағы мүгедек. Қазір оны жүкті қылған азамат іздестірілуде.