«Славян базары-2015» фестиваліне Қазақстан атынан қатысатын әнші белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Славян базары-2015» фестиваліне Қазақстан атынан қатысатын әнші белгілі болды

«Славян базары-2015» фестиваліне Қазақстан атынан қатысатын әнші белгілі болды

Бүгін Беларусьте «Витебскіде Славьян базары» халықаралық өнер фестивалі ашылады.

  • 9 Шiлде 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz

Оған Әзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Мексика, Польша, Ресей және басқа да елдерден 21 жас орындаушы қатысады. Қазақстан атынан Димаш Құдайбергенов шығады.

Фестиваль 9-13 шілдеде өтеді. Қағидаға сәйкес олардың 15-і финалға шығып, 20 мың долларлық Гран-приге таласады.

Фестиваль аясында сондай-ақ «Витебск-2015» XIII халықаралық балалар музыкалық байқауы өтеді. Онда әр елден 20 қатысушы сынға түседі. Қазақстан атынан 10 жастағы Луиза Нұрқуатова өнер көрсетеді.
2

Ересектер байқауының әділқазылар тобын РФ-дағы Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісі, әнші Полад Бюльбюль-оглы басқарады. Балалар байқауына Ресей халық әртісі Дмитрий Маликов төрағалық етеді.


Гала-концерттің құрметті қонақтары ресейлік эстрада жұлдыздары мен шетелден келген әншілер болмақ. Атап айтқанда, «Еуровидения» жеңімпазы Норвегиялық Александр Рыбак, британдық әнші Софи Эллис-Бекстор, немістің  Dschinghis Khan тобы, итальяндық Ricchi E Poveri тобы қатысады.

Перейти к новостям спорта