Әйелдер Қазақстан бизнесiнде «үнсiз революция» жасады - Раушан Сәрсембаева - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер Қазақстан бизнесiнде «үнсiз революция» жасады - Раушан Сәрсембаева

Әйелдер Қазақстан бизнесiнде «үнсiз революция» жасады - Раушан Сәрсембаева

Шағын және орта бизнесте әйелдер саны артуда. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында

  • 9 Шiлде 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

Қазақстан iскер әйелдерi қауымдастығының президентi Раушан Сәрсембаева мәлiм еттi. 

«Бүгiнде Қазақстандағы шағын және орта бизнес әйел кейпiне ендi деуге болады. Қазiргi уақытта әрбiр екiншi кәсiпкер — әйел адамы. Кәсiпкерлiкке әйелдердiң көптеп дендеуiн сарапшылар «үнсiз революция» деп атайды. Адамдарда мемлекеттiң қаржыландыруы есебiнен таңдау мүмкiндiгi бар: жалдамалы жұмыс iстеу немесе өзiңе жұмыс жасау. Әйелдер екiншi жолды таңдайды», — дедi ол. 

Оның сөзiне қарағанда, шағын және орта бизнестiң едәуiр бөлiгiн әйелдер басқарады. 1 миллионнан астам жеке кәсiпкердiң жартысы — әйелдер. 


Раушан Сәрсембаеваның атап өткенiндей, әйелдер 795 мың адамға жұмыс орнын ашты. Бұл — шағын және орта бизнесте ашылған жұмыс орындарының 30 пайызы. 52 мыңнан астам әйел бизнестi қолдау бағдарламасына қатысқан.