Сертификаты жоқ Қазақстан автодилерлерi көлiктердi сырттан әкеп сата алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сертификаты жоқ Қазақстан автодилерлерi көлiктердi сырттан әкеп сата алмайды

Сертификаты жоқ Қазақстан автодилерлерi көлiктердi сырттан әкеп сата алмайды

Қазақстанда автомобиль сатумен айналысатын заңды тұлғалар сертификатсыз көлiктердi сырттан әкеп сата алмайды.

  • 9 Шiлде 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Машина жасау басқармасының бастығы Серiк Рахымов мәлiм еттi. 

Мұндай талап ҚР Инвестиция және даму министрiнiң бұйрығында қарастырылып отыр. Ол тек Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнен әкелiнетiн көлiктерге қатысты екенiн айта кеткен жөн. 

"Бiрiншiден, бұл бұйрық жеңiл, жүк көлiктерiне және автобустарға қатысты. Ол сонымен қатар тек ЕАЭО елдерiнен әкелiнетiн көлiктерге байланысты. Яғни, үшiншi бiр мемлекеттен әкелуге шектеу жоқ. Бұйрық заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi. Егер жеке тұлға сатып аламын десе, оған ешкiм тоқтау сала алмайды", — деп атап өттi ол. 

Оның сөзiне қарағанда, ресми дилерлердiң саны 30-ға жуықтайды. Олардың негiзгi бөлiгiнде сертификат бар. Дегенмен сертификаты жоқ компанияларға оны алу қиынға соқпайды. 

"Сертификат алуға тек үш құжат қажет. 15 күннiң iшiнде құжаттар қаралып, сертификат берiледi. Ол тегiн", — дейдi С. Рахымов. 


Басқарма басшысының сөзi бойынша, бұл бұйрық қарапайым тұтынушыға әсер етпейдi. Олар кез келген мемлекеттен жаңа көлiк сатып алуына шектеу жоқ. 

"Көлiк — жәй тауар емес. Адамдардың қауiпсiздiгi бiрiншi орында. Осы бұйрық арқылы бiз кепiлдiк және жөндеу қызметтерiнiң сапалы болғанын қалаймыз. Сонымен қатар көлiктерге қызмет көрсету нарығының дамуына да серпiн берудi жоспарлаудамыз", — деп түйдi ойын С. Рахымов.