Қазақстанда несиелік картамен сауда жасауға болатын дүкендер саны артады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда несиелік картамен сауда жасауға болатын дүкендер саны артады

Қазақстанда несиелік картамен сауда жасауға болатын дүкендер саны артады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздегі дүкендерде pos-терминалдар орнату туралы бастаманы қолға алуда. 

  • 9 Шiлде 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.

 Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 14,8 млн. несиелік және дебиттік карта тіркелген. Бірақ соған сәйкес қызмет ететін pos-терминалдар тек 66 мың салық төлеушіні ғана қызметпен қамти алады.

«Сондықтан біз қазір Үкіметке pos-терминалдар мен кассалық бақылау машиналарын көбейту және таратуға арналған бағдарлама жасау туралы қажетті ұсынысты бердік», — деп атап өтті  ол.