Ұлыбритания Сребреницадағы мұсылмандардың қырғынын геноцид деп бағалау жөнінде резолюция ұсынған. Бірақ бұған сербтердің жалғыз одақтасы орыстар қарсы шығып отыр. Айта кетсек, 1991-95 жылдардағы Балқан түбігендегі азаматтық соғыс кезінде серб жасақтары Сребреница елді-мекенінде 8 мыңға тарта адамды қырған болатын. Боснияда 11-ші шілдеде сол қырғынды еске алуға арналған «Бейбітшілік маршы» өтеді.