Грекия Еуроодаққа өз реформасын ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекия Еуроодаққа өз реформасын ұсынбақ

Грекия Еуроодаққа өз реформасын ұсынбақ

Грекия үкіметі Еуроодаққа өз реформасының жобасын ұсынбақ. Бұл өзгерістер кредиторлармен жасалатын жаңа келісімшарт негізінде болуы тиіс.

  • 10 Шiлде 2015
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бірақ Алексис Ципрас Үкіметі дайындаған реформа жобасы Брюссельдің көңілінен шығуы екіталай. Қазірдің өзінде Халықаралық валюта қоры Грекияға енді ешбір жеңілдік жасалмайтындығын кесіп айтуда. Ал Еуропаның орталық банкі әзірге үнсіз. Гректер ертеңнен қалмай кредиторларға өз ұсынысын жасауы қажет. Себебі Еуроодақ елдерінің басшылары жексенбіге жоспарларған саммитке дейін онымен танысуы тиіс. Егер ортақ мемлеге келе алмаса, Афинаның жағдайы мүшкіл болғалы тұр. Естеріңізге салсақ, гректер референдум өткізіп, қарызға алған 320 млрд долларды қайтарудан ашық бас тартқан болатын.