Петропавлда өртенген үйдің тұрғындары терезеден құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда өртенген үйдің тұрғындары терезеден құтқарылды

Петропавлда өртенген үйдің тұрғындары терезеден құтқарылды

Петропавлда 9 қабатты үй өртеніп, ең биіктегі пәтер тұрғындарын өрт сөндірушілер терезеден шығарды. Ол үшін 30 метрден асатын арнайы саты қолданды.

  • 10 Шiлде 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Тағы 25 адам түтінге оранған подьезден өздері шыққан. Олардың бесеуі балалар. Тапа тал түсте басталған өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз. Қою түтіннен тоғызыншы қабаттағы пәтер тұрғындары өздігінен сыртқа шыға алмай қалған. От ошағына тым жақын орналасқан екі үйде қалған екі адамды құтқарушылар 30 метрлік арнайы сатымен терезеден түсірді. Ал отқа оранған подьезде қалған үш адам бұған көнбеген.

Ерлан Құлақпаев, СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің аға инженері: 

-Өйткені биіктіктен қорқамыз қатты. Біз құлап қаламыз деді. Сондықтан да пәтердің жанындағы өртті кішкене сөндіріп, бастарына демалатын капюшон кигізіп, подьезд арқылы тез арада шығардық үш адамды.