Әлемде ең ұзақ уақыт бойы СІМ басқарған дипломат дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде ең ұзақ уақыт бойы СІМ басқарған дипломат дүниеден өтті

Әлемде ең ұзақ уақыт бойы СІМ басқарған дипломат дүниеден өтті

Сауд Арабиясының бұрынғы Сыртқы істер министрі ханзада Сауд әл-Фейсал 76-ға қараған жасында дүниеден өтті, деп хабарлады ТАСС. Бұл туралы сауд монархының кеңсесі мәлімдеді.

  • 10 Шiлде 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Дипломат сыртқы істер министрлігін 40 жыл бойы, әлемдегі өзінің әріптестерінен гөрі ұзақ уақыт басқарды.

Ол өз қызметінен биылғы 29 сәуірде өз еркімен кетті, бірақ саясатты тастаған жоқ. Король Салман оны мемлекеттік министр, кеңесші және сыртқы саясат мәселелері бойынша арнайы өкіл етіп тағайындады.

Кеңсе мәліметіне қарағанда, ол АҚШ-та көз жұмған, оның денесі корольдікке сенбі күні жеткізілмек.