Қазақстан ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялағаннан кейiн ұйымға қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялағаннан кейiн ұйымға қосылады

Қазақстан ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялағаннан кейiн ұйымға қосылады

Қазақстан ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялағаннан кейiн ұйымға қосылады.

  • 10 Шiлде 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында Еуразиялық интеграция институты Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов мәлiм еттi. 

«ДСҰ-ға қосылудың нақты заңдық қадамдар бар. Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамасы 2015 жылдың 31 қазанына дейін Парламенттің ратификациясынан өтуі керек. Одан кейін отыз күннен соң Қазақ елі  ресми түрде ДСҰ-ның 162-ші мүшесі атанады», — деп атап өттi ол. 

Оның сөзiне қарағанда, Қазақстанның ДСҰ-ға енуi өте маңызды қадам болып табылады. Соның арқасында Қазақстанның экономикалық саясаты тұрақты әрi болжам жасауға икемдi бола түседi, деп есептейдi ол. 

«Ең бастысы — отандық тауарлар үшiн сыртқы нарықта жақсы жағдайлар қарастырылады, халықаралық тетiктер арқылы сауда-саттық дауларды шешуге мүмкiндiк туады, сонымен бiрге инвестициялар көлемi артады», — деп жалғады Владимир Тельнов.