Америкада хакерлер азаматтардың электрондық құжаттарын ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада хакерлер азаматтардың электрондық құжаттарын ұрлап кетті

Америкада хакерлер азаматтардың электрондық құжаттарын ұрлап кетті

21 миллионнан астам америкалық азаматтың жеке электронды құжаттары ұрланды. АҚШ билігі хакерлер шабуылынан осындай залал келгенін растап отыр.

  • 11 Шiлде 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Ғаламтор қылмыскерлері Американың әр түрлі мекемелерінің компьютерлік жүйсіне шабуыл жасап, азаматтардың жеке құжаттарын көшіріп алған. Айта кетерлігі, аталған елде жуырда ғана дәл осындай ірі киберқылмыс болған еді. Маусым айының басында 4 миллионнан астам америкалықтың жеке құжаттарын біреулер интернет арқылы заңсыз жолмен иеленген болатын. Ал бұл жолғы шабуылға АҚШ Қытай азаматтарын кінәлап отыр.