Әйелдің арам пиғылы кәсіпкердің құлағына жетіп, бірден полицияға хабар берген. Сөйтіп, тәртіп сақшылары жалдамалы жендеттің рөлін ойнап, келіншекке көңілдесінің өліп жатқан суретін көрсетіпті. Қаскөйдің қолына келісілген мың долларды әкеп беріп жатқанда кісен салынды. Рудный қаласының тұрғыны осылайша көңілдесінің көзін құртып, араларындағы 4 жасар баласын алып кетпек болған. Кейін сот арқылы баланың заңды мұрагер екенін дәлелдеуді көздепті. Әйелдің өзі қалталы жігіттен қол үзген соң, біраз ішкілікке де салынған екен.
Әділбек Нұрмахин, Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы:
-Жедел тергеу тобының анықтауынша, заңсыз некеде тұрған әйелі ерін түрлі себептермен өзіне қайтармақ болған. Ерінен айырылған ол спирт ішімдігіне салынып, өздерінің ортақ ұлына немқұрайлы қарап, көңіл бөлмеген. Осыны көрген ер адам сот арқылы өзінің баласын қайтаруды шешкен.